Біз кімбіз?
Qazaq Expert Club — бұл сарапшылар мен эксперт әйелдерге арналған продюсерлік орталық. Біздің мақсат — кәсіби мамандарға көлеңкеден шығып, қоғамда танымал әрі ықпалды дауысқа айналуға көмектесу. Біз аналитика, экономика, құқық, урбанистика, экология, оқыту және зерттеу салаларында жұмыс істейтін, елдің дамуына үлес қосатын адамдарды біріктіреміз.
Біздің миссиямыз — сараптамалық білімді қоғамға қолжетімді ету, дезинформациямен күресу және дәлелге негізделген шешім қабылдау (evidence-based decision making) қағидатын қолдау.
Жобаның негізін қалаушы: Әлия Адамбаева, 24 жылдық тәжірибесі бар журналист. LSM қаржы басылымының негізін қалаушылардың бірі, жетекші іскерлік медианың редакторы, медиаагенттіктің негізін қалаушысы және жетекшісі. Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі, Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақпараттық коммуникациялар департаментінің басшысы, «Қазконтент» және ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Стратегиялық коммуникация, беделді басқару және мемлекеттік құрылымдармен өзара әрекеттесу саласындағы сарапшы.
«Үздік баспасөз хатшысы – 2024» сыйлығының лауреаты.
Жобаның негізін қалаушылардың бірі: Бауыржан Шұрманов, экономист, QAMS басқарушы директоры. Freedom Finance, «Самұрық-Қазына», «Альянс Банк»-те жұмыс істеген. Танымал QazTrading Telegram-арнасының авторларының бірі, БАҚ-тағы сарапшы.